Образование
23.04.2026
Ұлттық кітап күні
Бүгін, 23 сәуір күні, Совет орта мектебінде Ұлттық кітап күніне орай бірінші сабақ басталар алдында Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын бірыңғай оқу ұйымдастырылды. Оқушылар мен педагогтар іс-шараға қызығушылықпен қатысып, көрнекті ақынның өлеңдерін оқып, оның шығармашылық мұрасымен танысты. Аталған акция оқу мәдениетін насихаттауға, рухани құндылықтарды дамытуға және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.
https://www.facebook.com/share/r/18pC5v2hpr/